Әкімшілік бөлім
Әкімшілік бөлім туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
- «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік бөлімі (бұдан әрі –бөлім) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдарына, актілеріне, өзге де нормативтік актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз қызметін іске асырады.
- Бөлімнің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның өкілетті лауазымды тұлғасы бекітеді.
II. Негізгі міндеті, функционалдық міндеттері және бөлім құқығы
-
Міндеті: Басқарманың қаржылық қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Функциялары:- Қаржы мен есеп саясатын және оның қаржылық тұрақтылығын қалыптастыру;
- Мекеменің қаржы қорларының қозғалысын басқару;
- Қаржы қаражатының қозғалысын және белгіленген есептілікті ұсынуды есепке алу;
- Мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарларды қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүргізу;
- Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және есептілікті құру;
- Бюджетке салықтарды есептеу және аудару, жинау, банктік мекемелерге төлемдер жасау;
- Мекеменің қызметкерлеріне төлемдердің барлық түрлеріне есеп жасау;
- Шаруашылық жүргізуші субьектілер арасында пайда болған қаржылық қатынастарды реттеу.
-
Міндет: Басқарма қызметін кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Функциялар:- Кадрлар бойынша белгіленген құжаттарды рәсімдеу;
- Мекеменің жеке құрамының есебін жүргізу
- Бос лауазымды орналастыру, кадрлық резервті қалыптастыру және мемлекеттік қызмешілерді аттестациялау бойынша кешенді жұмыстарды жүргізу;
- Мемлекеттік қызмешілерді қайта даярлау және жоғарлатуды ұйымдастыру;
- Мемлекеттік қызмешілердің Ар-намыс кодексін сақтауын бақылау;
-
Міндет: Басқарманың қызметін құжаттамамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Функциялары:- Басқарманың жиынтық номенклатурасын құру;
- Қабылдау, тіркеу, есепке алу, жүйелендіру, құжаттарды сақтау және құжаттарды уақтылы орындауға бақылау жасау;
- Ресми құжаттардың аудармасын қамтамасыз ету,
- Аудармалардың редакциялауын іске асыру;
- Тілдерді оқып-үйрену бойынша курстарды ұйымдастыру;
-
Құқықтары мен міндеттері:
Бөлімнің құқығы:
- Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге құрылымдық бөлімшелермен және басқа ұйымдармен өзара қарым-қатынаста мекеменің мүддесін көрсетуге;
- Кәсіпорын, мекеме және барлық жеке меншік түрі ұйымдарынан, сондай-ақ, басқа басқарма бөлімдерінің басшыларынан (қызметкерлерінен) бөлімнің міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат және құжаттар алуға;
- Бөлімнің және мекеменің басқа құрылымдық бөлімшелерінің жұмыстарын жетілдіру бойынша мекеменің басшылығына ұсыныс жасау;
- Лауазымдық нұсқауға сәйкес оларға жүктелген міндеттерді уақтылы және сапасыз атқарғаны үшін басқарма қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынысты Басқарма басшысына енгізуге;
Бөлім міндетті:
- Қаржылық-шаруашылыққа байланысты міндеттерді орындау және кадрларды басқару саласында әкімшілік қызметті қамтамасыз ету;
- Жалпы іс жүргізу ұйымдастыру:
- Кадрларды қайта даярлау және жоғарлатуды қамтамасыз ету;
- Мекеменің қызметін талдау және бағалаудың кешенді есепке алуын қамтамасыз ету;
- Барлық қорларды дұрыс және ұтымды пайдалануына, тапсырмаларды орындау мерзіміне, қаржы және еңбек тәртібін сақтауға бақылауды қамтамасыз ету;
Осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды сапалы және уақтылы орындауы үшін бөлім жауапкершілік алады.
- Басқарма
- Қадрлық қамтамасыз ету
- Мемлекеттік қызметтер
- Мемлекеттік сатып алу
- НҚА
- Жер заңды негізде
Басты бет
Әкімшілік бөлім

Дауыс беру
Күнтiзбе
Жк | Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сн |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
29 | 30 | 31 | 1 | 2 | 3 | 4 |