Саламатсыздар ма, Сіздермен «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы»  ММ-нің ресми сайтында қауышқаныма қуаныштымын! Сайтта өздеріңізді қызықтырған ақпараттармен таныса аласыздар, сондай-ақ «Басшы блогы» бөлімінде өз сауалдарыңызды қоя аласыздар.

Аян Тиыштықұлы Шалмағанбетов 1972 жылы 14 ақпанда Қарағанды облысы Нұра ауданының  Киевка поселкесінде  туған. 1998жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін экономика және АӨК менеджменті мамандығы бойынша үздік бітіріп, экономист-менеджер біліктілігін алды. 2007 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заңтану мамандығы бойынша аяқтап, заңтану баклавары біліктілігі берілді.

Мамандығы бойынша еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасының ҚМ Бухгалтерлік есеп және аудит департаментінің Ақмола аумақтық басқармасында жетекші маман, одан соң стандарттарды енгізу бөлімінің бас маманы болып істеді.

1999 жылдан 2004 «Қазақстан темір жолы»Ұлттық компаниясы» АҚ жүйесінде жұмыс істеді. Тарифтік саясат бөлімінің жетекші инженерінен «Қазақстан темір жолы»Ұлттық компаниясы» АҚ бухгалтерлік есеп басқармасы басшысының орынбасарына дейінгі жолды өтті.

Коммерциялық құрылымдарда жұмыс тәжірибесі бар (2005ж-2012 ж).

2012 жылғы қазаннан 2012 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің Теміржол, азаматтық авиация және порттар саласында реттеу бойынша департаменті Тарифтік, техникалық реттеу және методология басқармасының темір жол көлігі саласындағы реттеу мәселесі бойынша бас маманы. 2012 жылғы желтоқсаннан 2014 жылғы қазанға дейін Теміржол, азаматтық авиация және порттар саласында реттеу бойынша департаменті Тарифтік, техникалық реттеу және методология басқармасының басшысы. 2014 жылғы қазаннан 2015 жылғы желтоқсанға дейін «Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы» ММ басшысының орынбасары. 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы.

«Өзіңнен баста» республикалық акциясы Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметкерлер мен ұйым басшыларының табыстары мен мүліктері туралы мәлімет беруді көздейтін «Өзіңнен баста» республикалық акциясы жүргізіліп отыр.

2017 жылғы табыс 3 828 266 теңгені құрады.

Жоғары қарай