Басқарма бастығы

Басқарма бастығы дара басшылық принципімен әрекет етеді. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және осы Ережемен анықталған, оның құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметінің мәселелерін жеке шешеді.

Осы мақсатта Бастық:

  1. өз құзіретінің шегінде бұйрықтар, нұсқаулар шығарады және Басқарманың барлық бөлімшелері орындауға міндетті нұсқаулар береді, шарттар жасайды;
  2. құрылымдық бөлімшелер туралы Ережені бекітеді;
  3. құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды;
  4. Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды;
  5. заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
  6. қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда Басқарманың өкілі болып табылады;
  7. құжаттардың орындалу барысын ұйымдастрады және бақлау жасайды, олардың сақталауына жауап береды;
  8. Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;
  9. қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтары бар.
Жоғары қарай