Басқарма туралы

Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2004 жылғы 4 қазандағы  № 1022 және 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларын іске асыру туралы» облыс әкімінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы № 01/01 қаулысымен құрылды.

Басқарманың практикалық қызметі  Ережені, құрылымдық, штаттық кестені бекіткеннен, орналастыру мәселелерін және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешкеннен кейін 2005 жылдың мамыр айында басталды.

Басқарманың құзіретіне жатады:

  1. облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөніндегі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбырлар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөніндегі ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
  2. облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
  3. аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
  4. жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
  5. өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
  6. өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
  7. жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
  8. жерді аймақтарға бөлу жобаларын және облыстың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
  9. өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
  10. жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
  11. өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  12. аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
  13. осы Кодекстің 71 бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
  14. ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау жатады.

Мемлекттік мекемесі туралы Ереже

  • Тұнғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы
  • World Trade Organization
  • Министерство финансов РК
  • Қарағанды облысы әкімдіпнін ресми ақпараттық порталы
  • Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі
  • Қарағанды облысының электрондық қызмет көрсетулер порталы
  • IPO
  • EXPO-2017
  • ЕВРАЗЭС
  • Программа повышения инвестиционной культуры и финансовой грамотности населения Р
  • Заңнама базасы
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары
Жоғары қарай