Мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламенті

«Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
жұмыс Регламенті

1. Жалпы ереже

1. «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-басқарма) Қарағанды облысында жергілікті деңгейде жер қатынастары саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындауға уәкілетті облыстық мемлекеттік басқару органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, орталық атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілеріне, әкімдік қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, 2010 жылғы 7 шілдедегі бекітілген «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге, сондай-ақ осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

3. Осы Регламентпен белгіленген талаптар басқаманың барлық қызметкерлері үшін міндетті.

4. Осы Регламенттің сақталуын бақылау, іс жүргізу, құжаттарды есепке алу, сақтау және олардың уақтылы өтуі, басқарма бойынша орындалуын бақылау жауапкершілігі басқарма бойынша бөлімдердің бастықтарына жүктеледі.

5. Басқарма қызметкерлері мен жаңадан қабылданған қызметкерлер осы Регламентпен әкімшілік бөлімде журналға қол қою арқылы таныстырылуы тиіс.

6. Басқарма құзыретіне жататын кадр мәселерін шешу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

7. Басқарма құрамына төмендегідей құрылымдық бөлімшелер кіреді.

Басқарма аппаратының құрамы:

  • Басқарма бастығы, бас маман-индекс 1;
  • Жер учаскелерін беру және алу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу бөлімі-индекс 2;
  • Жер пайдалануды жоспарлау және болжау бөлімі-индекс 3;
  • Әкімшілік бөлімі-индекс 4;

8. Бастықтытың азаматтарды қабылдау кестесі басқарма бастығының бұйрығымен бекітіледі.

2. Аппарат кеңесін өткізу тәртібі.

9. Басқарма жұмысын жедел басқару мақсатында басқарма бастығы бөлім басшыларының және басқа да шақырылғандардың (тізім бойынша) қатысуымен аппарат кеңестерін өткізеді.

10. Кеңестер мемлекеттік немесе ресми тілде жүргізіледі және қажет болған жағдайда хаттама толтырылады. Хаттамаға басқарма бастығы, сондай-ақ осы хаттамада тапсырма берілген орындаушылар және төраға қол қояды. Кеңес хаттамалары күнтізбелік жылға рет санымен нөмірленеді.

11. Кеңестерде қаралатын мәселелердің тізбесін басқарма бастығы мен оның орынбасары дайындайды.

12. Кеңеске қатысушылар мынадай мәліметтер береді:

  • өткізілген іс-шаралар, олардың сапасы мен нәтижелігі туралы;
  • тапсырмалар мен бақылаудағы құжаттардың орындалу барысы туралы;
  • қызметкерлер іссапарларының нәтижесі туралы;
  • маңызды мәселер мен басқарма жұмысының ағымдағы кезеңге арналған жоспары туралы.

13. Кеңестерде басқарма басшылығы қызметкерлерді облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы мен Үкіметінің маңызды шешімдері туралы хабардар етеді, сондай-ақ бөлімдердің тапсырмалары мен міндеттерін белгілейді.

14. Аппарат кеңестерін дайындау мен өткізу, сондай-ақ олардың барысында берілген тапсырмалардың орындалуын есепке алу және бақылау үшін жауапкершілік, көтерілеген мәселерге жетекшілік ететін бөлім бастықтарына жүктеледі.

3. Жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру

15. Басқарма жұмысын жоспарлау облыс әкімі бекітен жер қатынастары жөніндегі іс-шаралар тізбесіне, басқарма бөлімдері жұмысының жоспарларына сәйкес, сондай-ақ басқарма бастығы жанындағы кеңестерде негізгі өндірістік мәселерді қарау, облыс әкімінің тапсырмаларын уақтылы орындау және басқарма құзыретіндегі басқа да міндеттерді шешу бойынша бақылау іс-шараларын жасау арқылы жүзеге асырылады.

4. Басқарма басшыларын тағайындау тәртібі.

16. Басқарма бастығы қызметке конкурс нәтижесі бойынша немесе ауысу тәртібімен тағайындалады және қызметінен облыс әкімі босатады.

17. Бөлім бастықтары мен басқа мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметке конкурс нәтижесі бойынша ауысу тәртібімен, басқарма бастығының бұйрығымен тағайындалады.

5. Бланктер, елтаңбалы және дөңгелек мөрлер, құжаттарға қол қою құқығы

18. Басқарманың Қазақстан Республикасы Елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік және орыс тілдерінде толық атауы жазылған, бұйрықтардың бланкілерін қоса алғанда, мемлекеттік мекеменің фирмалық бланкілері бар.

19. Басқарма бланкілеріне басқарма бастығы қол қоюға құқылы, олар қол қойған құжаттар үшін жеке жауапкершілікте болады.

20. Басқарманың әкімшілік бөлімінде сақталатын жалғыз дана елтаңбалы мөрі, сондай-ақ белгіленген көлем мен талапқа сай әзірленген мөртабандары бар.

21. Қаржылық құжаттарға басқарма бастығы және жер учаскелерін беру және алу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу бөлімінің бастығы қол қоюға құқылы. Әкімшілік бөлімінің бастығы-бас бухгалтер қол қоюға құқылы.

6. Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау

22. Басқарма бастығы әр аптаның сейсенбі күні сағ. 15.00-17.00 дейін келушілерді жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

23. Қабылдау жүргізетін басшылар, қажет болған жағдайда, қабылдау кезінде мәселелерді шешу үшін басқарманың басқа қызметкерлерін тартуы мүмкін.

24. Бастықтың келушілерді қабылдауы туралы есеп, келушілерді есепке алу журналында жүргізіледі, онда өтініштің қысқаша мазмұны, келушінің тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, мекенжайы, сондай-ақ тапсырмалар мен олардың нәтижелері көрсетіледі.

7. Нормативтік-өкімдік құжаттар дайындау туралы.

25. Белгіленген тәртіпте басқармада төмендегідей құжаттар дайындалады және оларды басқарма бастығы бекітеді:

  1. Бсқарма жұмысының регламенті;
  2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының жинағы;
  3. Бөлім бастықтарының, басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары.

8. Жоғары мемлекеттік органдарыдың бақылаушы және ағымдағы тапсырмаларын орындау тәртібі.

26. Бақылау құжататры, облыс әкімінің бұйрықтары мен өкімдері, сондай-ақ басқармаға берілетін ағымдағы тапсырмалар әкімшілік бөлімінде тіркеледі.

27. Құжаттардың орындалуын бақылау туралы белгі «Б» әрпімен, «Бақылау», «Бақылауға алынды» деген сөздермен белгіленеді.

28. Облыс әкімдігінің бақылау тапсырмаларының, бұйрықтары мен өкімдерінің, басқа да ағымдағы тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілік бөлім бастықтарына жүктеледі.

29. Бөлім бастықтарына жүктелген бақылау тапсырмаларын, бұйрықтарды, өкімдер мен басқа да ағымдағы тапсырмаларды орындауға алған мамандар жүзеге асырады және олардың уақтылы орындалуы үшін жауапкершілікте болады.

30. Тапсырма бірнеше лауазымды тұлғаларға жолданса, оның орындалуына жауапкершілік тапсырмада бірінші көрсетілген лауазымды тұлғаға жүктеледі. Бірлесіп орындаушылар тапсырманың орындалуы үшін алдын ала мәліметтер беруге міндетті.

31. Облыс әкімдігі мен жоғары органдардың бақылаушы және басқа да тапсырмалары бойынша әзірленген тиянақты жауап басқарма бланкісінде орындалады да жауапты орындаушы қол қояды, сонан соң ол құрылымдық бөлімше бастығының, қолын қойғызып, құжатты басқарма бастығына қол қоюға ұсынады.

32. Құжатқа басқарма бастығы қол қойғаннан кейін, жауапты орындаушы хатты тіркеу үшін қабылдау бөлмесіне тапсырады.

Сонан соң хаттың түпнұсқасы бағыты бойынша жіберіледі де, екінші данасы қабылдау бөлмесіндегі істерге (бақылаушы тапсырмалар бойынша) немесе хатты дайындаған құрылымдық бөлімшедегі істерге тігіледі. Хатты факспен жіберген жағдайда екінші данасы (көшірмесі) жасалмайды, істерге түпнұсқасы тігіледі.

9. Басқа ведомстволардың мемлекеттік бөлімшелерінің және шаруашылық субъектілерінің хаттарымен жұмыс істеу тәртібі

33. Басқа ведомствалардың мемлекеттік бөлімшелерінің, шаруашылық субъектілірінің хаттары, сұранымдары мен материалдары әкімшілік бөлімінде қабылданады.

34. Материалдар (есептер, жобалар, жұмыс бағдарламалары т.б). ілеспе хатсыз қабылданбайды және тіркелмейді.

35. Хаттарға, сұранымдарға жауап дайындау мен материалдарды қарау үшін жауапкершілік бөлім бастықтарына немесе олардың орындалуы тапсырылған басқа қызметкерлерге жүктеледі.

36. Материалдармен жұмыс істеудің, жауаптар дайындау мен жіберудің одан арғы тәртібі жоғарғы мемлекеттік органдардың бақылаушы және ағымдағы тапсырмаларын орындау тәртібіне (29-32 тармақтар) ұқсас.

10. Жоғарғы мемлекеттік органдардың бақылаушы және ағымдағы тапсырмаларын орындау және басқа ведомстволар мен шаруашылық субъектілерінің хаттарын,
сұранымдарын, материалдарын қарау мерзімі және бақылауды ұйымдастыру

37. Жоғарға мемлекеттік органдардың бақылаушы және ағымдағы тапсырмаларының орындалуын және басқа ведомстволар мен шаруашылық субъектілері хаттарының, сұранымдарының, материалдарының қаралуын бақылау бөлім бастықтарына жүктеледі.

38. Орындау мерзімі болған жағдайда тапсырма сол мерзімде орындалуы тиіс.

Орындау мерзімі болмаған жағдайда, құжат келіп түскен күннен бастап бір айлық мерзім, ал «шұғыл» деген белгі болған жағдайда бес күндік мерзім белгіленеді.
Жекеленген жағдайларда бақылаушы құжаттың орындалу мерзімін ұзарту себептері көрсетілген тиісті бөлімнің жазбахаттары негізінде орындау мерзімі ұзартылуы мүмкін.

39. Бақылаушы құжаттар мен басқа да тапсырмалардың орындалу мерзімі бұзылған жағдайда құжатты орындау тапсырылған орындаушылар басқарма бастығының атына түсініктеме хат жазады.

40. Орындаушылар бақылаушы құжаттар мен басқа да тапсырмалардың орындалу мерзімін бұзғаны үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабында және Қазастан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген тәртіп пен жағдайлар негізінде тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін.

11. Басқарма бойынша бұйрықтар дайындау, ресімдеу және жіберу тәртібі.

41. Бұйрықтар мен өкімдердің жобаларын дайындауды басқарма бөлімдері жүзеге асырады.

42. Бұйрықтар жобалары мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісіледі, оларға жетекші бөлім мен көрсетілген барлық тұлғалар, бас маман-заңгер қол қояды.

43. Басқарма бойынша бұйрықтар, өкімдер, мемлекеттік органдар арасындағы құжат айналымы тек мемлекеттік тілде жүзеге асуы тиіс. Басқарманың бланкісінде мемлекеттік тілдегі нұсқасы басылуы керек.

44. Бұйрықтарға басқарма бастығы қол қояды, ол болмаған жағдайда басқарма бастығының міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

45. Басқарма бойынша бұйрықтарға күнтізбелік жылға реттік нөмірлер беріледі, негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, кадр мәселелері бойынша, демалыс беру бойынша, сөгістер, іссапарлар және т.б. әкімшілік бөлімде іске асырылады.

46. Бұйрықтар мен өкімдердің қол қойылған түпнұсқалары топтастырылады және негізгі қызмет бойынша бұйрықтар мен жеке құрам бойынша бұйрықтар жеке папкаларда сақталады.

47. Бұйрық пен өкімнің қол қойылған түпнұсқаларына өзертулер енгізуге тыйым салынады.

48. Бұйрықтардың уақтылы әзірленіп, жіберілуіне бұйрықты дайындаған қызметкер жауапты болады.

12. Басқарманың жұмыс Регламентіне өзгерістер енгізу

49. Басқарманың жұмыс Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар Бастықтың бұйрығымен енгізіледі.

 

«Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің бастығы Т. Алтынбеков

  • Тұнғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы
  • World Trade Organization
  • Министерство финансов РК
  • Қарағанды облысы әкімдіпнін ресми ақпараттық порталы
  • Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі
  • Қарағанды облысының электрондық қызмет көрсетулер порталы
  • IPO
  • EXPO-2017
  • ЕВРАЗЭС
  • Программа повышения инвестиционной культуры и финансовой грамотности населения Р
  • Заңнама базасы
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары
Жоғары қарай