«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасуға «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-3 санатына: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау,көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана,аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесехалықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалықдеңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскериоқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесешетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басыммамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық айлықақысы:

 

Санаты

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлықақысы, теңге

min

max

D-О-3

126356,58

170 599,08

 

«Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 100012, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй, байланыс телефоны: 8 /7212/56-61-89, факс 56-08-99, uzo_kanc@krg.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

 

 «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» ММ әкімшілік  бөлімінің басшысы (1 бірлік, №4-1, D-O-3 санаты)

Функционалдық міндеттері:

Бюджеттік өтінімді әзірлейді, бухгалтерлік есепті жүргізеді, мемлекеттік сатып алу бойынша шараларды жүргізеді, қаржылық, салық, статистикалық есептілікті құрастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі:жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім«әлеуметтік

ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы);Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы»,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, мемлекеттік қызмет және бухгалтерлік есеп саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күніненбастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде  «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы»ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясыныңотырысынабайқаушыларретіндеҚазақстанРеспубликасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурскомиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

__________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыстелефоны____________________________

__________________________________________________________________

 

__________        ____________________________________

(қолы)   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 ____ ж.

Жоғары қарай