Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасында жер мәселелері бойынша семинар

2019 жылдың 14 тамыздағы сағат 11-00 Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасында жер мәселелері бойынша семинар - кеңес өткізілген.

Семинар – кеңеске жер қатынастары бөлімдерінің басшылары және жер балансы, жердің ревизиясын жүргізу бойынша есепті ұсынуға жауапты бас мамандар қатысқан.

Семинар – кеңесте келесі мәселелер қарастырылған:

  1. 2019 жылы бар жер қорына талдау жүргізуді түсіндіру (жердің құжаттамалық ревизия – қорытынды есеп);
  2. Жер балансын жасау бойынша жылдық есептің нысандарын толтыруды түсіндіру;
  3. Барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізу және жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруды жүргізу;
  4. Басқа мәселелер.

 

 

Жоғары қарай