Жаңалықтар

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
31.01.2013

Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын орындау мақсатында 2012 жылы 23 ақпанда Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Т.Әбілданың, қала мен аудан әкімдері орынбасарларының және жер қатынастары бөлім бастықтарының қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.

Пресс-релиз
25.01.2013

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтің атына Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты А.З. Смайылдың Жаңаарқа ауданының Ералиев селолық округіне Жомарт елді мекенін жатқызу туралы өтініші бойынша жұмыс тобы құрылды. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутатының өтінішіне жұмыс тобы сол жерге барып, Жаңаарқа ауданының Ералиев селолық округіне Жомарт елді мекенін жатызу және Жаңаарқа ауданына Қаражал қаласының жерлерін қайтару туралы жиылыста қарастырылып, бірауыздан дауыс берді.

Жоғары қарай