Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін беру туралы Ақпарат

 

012 жылдың 25 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 12489 жер учаскелері жеке тұрғын үй салу үшін азаматтарға бөлініп берілді.

Ағымдағы жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген жер учаскелеріне түгендеу жұмыстары жүргізіліп 12434 учаскенің 5202-сі пайдаланылмай отырғандығы анықталды.

Осы уақытқа оның:

  • 920 жер иелері жер учаскелерін игеруге кірісті (92 га), бұл 17,6%;
  • 224 жер учаскелері мемлекет иелігіне қайтарылды (23,5 га), бұл 4,3%;
  • 3651 жер учаскелерінің құжаттары аумақтық жер инспекциясына жолданды (368 га), бұл 70,2%;
  • 13 жер учаскелерінің құжаттары аумақтық сот органдарына жолданды (1,3 га), бұл 0,3%;
  • 394 жер учаскелері арнайы есепке қойылды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сай  пайдаланылмай жатқан жер учаскелеріне қатысты ескерту жасалған және  есепке алынған  мерзімнен бір жыл уақыт өткен соң жергілікті ақарушы органдар пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін алып қою жөнінде шаралар қолданады.

Қазіргі уақытта қалалар әкімдіктері тұрғын үй құрылысы алаңдарын дайындау үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салудың ұзақ мерзімді іс шаралар жоспарларын жасады.

Қарағанды қаласы бойынша барлық саны 3854 жер учаскелерінің 3011-і инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген.

Жаспар бойынша 2013-2015 жылдары Қарағанды қаласында 2385 жер учаскесіне  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынады, ал ТЭЦ-4 кешені жұмысқа кіріскеннен кейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен 626 жер учаскелері қамтамасыз етіледі. Осылай 2018 жылға дейін түгелдей 3011 жер учаскелері инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылады.

Анықтама ретінде:

Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке  тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 гектар жер учаскесі жеке меншікке тегін беріледі. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 94 бабының 4 тармағында көрсетілген жағдайдан басқа, осы мақсат үшін екінші мәрте жер учаскелерін тегін беруге болмайды.

Жер учаскесін жеке тұрғын үй құрылысы үшін ақысыз беру жер учаскелерін игергеннен кейін жүзеге асырылады. Бұл үшін, жер учаскелері игеру кезеңінде  Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 бабына сәйкес жағдайы мен мерзімі белгіленіп уақытша ақылы жер пайдалану құқығымен (жалға) беріледі.

 

  • Тұнғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы
  • World Trade Organization
  • Министерство финансов РК
  • Қарағанды облысы әкімдіпнін ресми ақпараттық порталы
  • Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі
  • Қарағанды облысының электрондық қызмет көрсетулер порталы
  • IPO
  • EXPO-2017
  • ЕВРАЗЭС
  • Программа повышения инвестиционной культуры и финансовой грамотности населения Р
  • Заңнама базасы
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары
Жоғары қарай