Жер пайдалануды жоспарлау және болжау бөлімі

Жер пайдалануды жоспарлау және болжау
бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

  1. «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  жер пайдалануды жоспарлау және болжау бөлімі (бұдан әрі –бөлім) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім   өз   қызметінде  Қазақстан   Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдарына, актілеріне, өзге де нормативтік актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз қызметін іске асырады.
  3. Бөлімнің    құрылымы,    штаттық   саны    Қазақстан   Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның өкілетті лауазымды тұлғасы бекітеді. 

II. Бөлімнің негізгі міндеті, функционалдық міндеттері және бөлім құқығы

  1. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының және басқа Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерімен және облыстың жергілікті атқарушы органдарының құқықтық актілерімен белгіленген, Қарағанды облысының аумағында өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеу;
    Функциялары:
    1) Облыстың жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын және бағдарламалардың, жерді ұтымды пайдалану бойынша жобалары мен сызбаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
    2) Жерлерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалақ, аудандық бағдарламалар, жобалар мен сызбаларға сараптама жүргізу;
    3) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне аудару бойынша ұсыныстар дайындау;
    4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің пайдалану жағыдайына талдау жүргізу.
  2. Міндет: Қарағанды облысы жерлерін бөлу және пайдалануын мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету;
    Функциялары:
    1) Аудандардың    (облыстық    маңыздағы     қалалар)    мәліметтерінің негізінде облыстың жер балансын құру;
    2) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге және жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген жерлерге мониторинг жүргізу.
  3. Құқығы мен міндеттері:
    1) жер қатынастарына қатысты, мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдарынан, лауазымды тұлғалардан, жер учаскелерінің меншік иелері  мен жер жер пайдаланушылардан қажетті  ақпарат сұрауға және алуға;
    2) Аудандардың (облыстық маңыздағы қалалар) мәліметтерінің негізінде облыстың жер балансын құру;
    3) Жерлерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалақ, аудандық бағдарламалар, жобалар мен сызбаларға сараптама жүргізу;
    4) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне аудару бойынша ұсыныстар дайындау;
    5) Облыстың жерлерін пайдалану жағыдайына жыл сайын талдау жүргізу.
    Осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды сапалы және уақтылы орындауы үшін жауапкершілік алады.

 

  • Тұнғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы
  • World Trade Organization
  • Министерство финансов РК
  • Қарағанды облысы әкімдіпнін ресми ақпараттық порталы
  • Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі
  • Қарағанды облысының электрондық қызмет көрсетулер порталы
  • IPO
  • EXPO-2017
  • ЕВРАЗЭС
  • Программа повышения инвестиционной культуры и финансовой грамотности населения Р
  • Заңнама базасы
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары
Жоғары қарай