Жер учаскелерін беру және алу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу бөлімі

Жер учаскелерін беру және алу жөніндегі
ұсыныстарды әзірлеу бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

  1. «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жер учаскелерін беру және алу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу бөлімі ( бұдан әрі-бөлім) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім  өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын және Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің,  әкімдіктің және облыс әкімінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің және «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» ММ бұйрықтарын, жер қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік актілерді, Басқарма жұмысының Регламентін, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз қызметін іске асырады.
  3. Бөлім өз қызметін басқарма бастығы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес, өз қызметін іске асырады.

II. Негізгі міндеті,  функционалдық міндеттері және бөлім құқығы

  1. Міндеттері:
    1. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес жер учаскелерін беру және алумен байланысты, кешенді жұмыстарға іске асыру болып табылады.
    2. көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын көтеру;
    3. көрсетілетін қызметтің сапасына мониторинг және бағалау;   
  2. Функциялар:
    1. Облыстық әкімдікке жер учаскелерін беру жөнінде ұсыныстарды және қаулы жобаларын дайындауды қамтамасыз ету:
      • жер қойнауын пайдалану мақсатында (өндіру жөніндегі жұмыстарын жүргізу үшін; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі);
      • барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану;
      • магистральды құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау);
      • магистральды құбырлар салу (реконструкциялау) үшін пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару;
      • «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру;
      • мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына;
      • жоғарыда көрсетілген жағыдайларда аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу;     
    2. Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
    3. Жер учаскелерін жалдау шарттарының жасалған тәртіптерінің орындалуын іске асыру;
    4. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
    5. Жер учаскесіне құқық беру туралы облыстың жергілікті атқарушы  органының шешімінің негізінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын беру;
    6. Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша өтініш берушілермен және жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, сұралынған жер учаскелеріне тексеру жүргізу,
    7. Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту;
    8. Жер қатынастары мәселелеріне байланысты, хаттарды, арыздарды, заңды және жеке тұлғалардың өтінішін  уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
    9. мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативті құқықтық актілер әзірлеу;
    10. мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметт бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
    11. ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету;
    12. ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету;
  3. Құқықтары мен міндеттері:
    1. Жер қатынастарына қатысты, мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдарынан, лауазымды тұлғалардан, жер учаскелерінің меншік иелері  мен жер жер пайдаланушылардан қажетті  ақпарат сұрауға және алуға;
    2. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша  өзге құрылымдық бөлімшелермен және басқа ұйымдармен өзара қарым-қатынаста мекеменің мүддесін көрсетуге;
    3. Нормативті құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу;
    4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен қарастырылған негіздер бойынша жер пайдалану құқықтарын тоқтату туралы ұсыныстарды тиісті органдарға енгізу;
    5. мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;
    6. мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау.

Бөлім міндетті:

  1. Жер учаскелерін беру және алу жөнінде облыстық атқарушы органның қаулы жобаларын әзірлеу үшін барлық құжаттардың барлығының болуы және олардың дұрыстығын тексеруді жүргізу;
  2. Қазақстан Республикасының жер заңнамаларын бұзушыларға шара қолдану үшін тиісті органдарға ұсыныс жасау,

Осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды сапалы және уақтылы орындауы үшін жауапкершілік алады. 

Жоғары қарай