Жер учаскесiне құқықты табыстау тәртiбi

  1. Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскесiне құқықты табыстау мынадай ретпен жүргiзiледi:
    • жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы өтiнiм жасау; 
    • мәлiмделген өтiнiмдi қанағаттандыру мүмкiндiгiн анықтау (жер учаскесiн алдын ала таңдау); 
    • жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту; 
    • жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің, ал арнайы экономика¬лық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешiм қабылдауы; 
    • белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу; 
    • жер учаскесiне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру;
      • уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасу; 
    • жер учаскесiне құқықты мемлекеттiк тiркеу.
  2. Жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі өздерiнiң осы Кодексте белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
  3. Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігіне өтiнiш бередi. Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында аталған жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс. Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiмге жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi. Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш түскен кезінен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралады, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш үш апталық мерзімде қаралады. Аталған мерзімге осы Кодекстің 44-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленетін жерге орналастыру жобасын жасау кезеңі кірмейді.
  4. Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып) сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды. Сұралып отырған жер учаскесін аумақ¬тық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген ныса¬налы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу және комиссияның осы мәселе жөніндегі қорытындысын әзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап бір айға дейінгі, ал шағын кәсіпкерлік субъекті¬леріне жер учаскесіне құқық беру кезінде екі аптаға дейінгі мерзімді құрайды.

 

  • Тұнғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы
  • World Trade Organization
  • Министерство финансов РК
  • Қарағанды облысы әкімдіпнін ресми ақпараттық порталы
  • Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі
  • Қарағанды облысының электрондық қызмет көрсетулер порталы
  • IPO
  • EXPO-2017
  • ЕВРАЗЭС
  • Программа повышения инвестиционной культуры и финансовой грамотности населения Р
  • Заңнама базасы
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары
Жоғары қарай